Рух нәрі - ұлы сөз
2009
| Автор: | Әбентегі Қайрат |
| Страницы: | 238 страниц |
| Место издания: | Павлодар |
| Издатель: | Сытина баспаханасы |
| Язык: | Қазақ тілі |
| Хранилище: | ОӘҒК, Баянауыл ОКЖ |
| Жанры | Әдебиеттану |
Тәуелсіздік таңы атқаннан бергі уақыт аралығында әр салада тың шаралар, игі істер жүзеге асуда - барымызды базарлап, жоғалтқанымызды олжалап, тарихымызды жаңа қырынан
зерттеп, саралап жатырмыз. Әмәнда, олжа-жоралғымыз баянды, бақты болғай. Өткен тірлікке көз жіберіп, ой елегінен өткізер болсақ, небір асылдарымыз, тарихи тұлғаларымыз, олардың ел үшін төккен тері, еселі еңбегі бүгінгі таңда халық санасында жаңғырып, әлсіреген рухымызды шыңдап, тапталған намысымызды ширатып, жасыған жігерімізді жануға зор ықпал жасауда.