Ерейментау
2009
| Автор: | Байбосын Сайлау |
| Страницы: | 296 страниц |
| Место издания: | Астана |
| Издатель: | Фолиант |
| Язык: | Қазақ тілі |
| Хранилище: | ОУНБ |
| ISBN10: | 9965367188 |
Бұл альбом кітапта ерекше сұлу табиғатымен талайды тамсандырған Ереймен өңірі жайлы керемет көрсетілген. Сонымен қатар Ереймен жері - Қанжығалы Бөгенбай, Жантай, Досан батырлар, Бөгенбайдан тарайтың Бапан, Саққұлақ билер, сондай-ақ Үмбетей жырау сияқты халқына қорған, сөз ұстар тірек болған тұлғалар мекені.
Осы өңірдің төл перзенті, кестелі сөзді қастерлеп өскен, бүгінгі ұрпақтың өрелі ой, асқақ мұратын айшықты тілмен өрнектеген арқалы ақын Сайлау Байбосын аталған кезекті еңбегінде осы шежірелі туған жерінің арғы-бергі тарихын тұтас қамтып, әсем суреттеген. Кітап тәуелсіз еліміздің өткен мен бүгініне елдік мінезбен, перзенттік махаббатпен ой жүгіртіп, зерделеуге құштар жас ұрпаққа арналған.
Отзывы
Калкаманова Қарашаш Елубайқызы
Оқып жатырмын осы тамаша кітапты.Біздін елдін тарихы. Қандай үлкен жүмыс істеген біздің жерлесіміз Сайлау Байбосын!. Сіз арқылы,осы Ерейментау энциклопедия кітап арқылы біз өзіміздәң түған өлкеміздің тарихың біліп,сақтап қалуымыз керек.
Калкаманова Карашаш
Әр ерейментаулықтардың үйінде осы кітап болса ,түған жеріміздің тарихін жатқа бәріміз білсек деп армандаймын...